Қазақтың ауылшаруашылық білімі мен ғылымының қара шаңырағына 90 жыл

0

Елімізде ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын іргелі оқу орны Қазақтың Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті 90 –жылдық  торқалы тойын  атап өтті. Өзінің тарихын сонау 20 ғасырдың басында Кеңес заманынында  Қазақтың Ауылшаруашылық институты болып құрамында егістік және жеміс көкөніс факультетінен тұратын оқу орны бұл күнде  үлкен оқу орнына айналды.

1996 жылы ел басы жарлығымен  Алматы зооветеринарлық және Қазақ ауылшаруашылық институттарын біріктіріп Қазақ мемелекеттік аграрлық университеті болып аталды.

2001 жылы Елбасының Жарлығымен университет Ұлттық 2020 жылдың 23 қазанында Үкіметтің №707 қаулысымен – ұлттық зерттеу университеті мәртебесі берілді. Университеттің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан зерделі ғалымдарға, білікті басшыларға деген құрметіміз ерекше. Солардың қатарына елге еңбегі сіңген, халқына қалтқысыз қызмет еткен, адамгершілігі мен парасаты мол тұлғалы азаматтардың қатарында – Қазақстанның ауылшаруашылық саласын өркендетуге мол үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ұстаз-ғалым, академик Арыстанбеков Хайдар Арыстанбекұлының алар орны ерекше. Біздер   Хайдар Арыстанбекұлы ректор болған жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқып,ірі тұлғаның өнегесіне тағзым етіп тәрбиеленіп едік. Сонымен қатар сол кездері дәріс берген ұстаздарымыз Мейрман  М, Дорофеев А, Тазабеков Т және де басқалары білімнің сусынына қандырып  өсіріп шығарып еді.

Бүгінде 90 жылдық тарихы бар Университетімізде халықаралық деңгейде   заманауи технолгиялары  ендіріліп, шет елдердің  ірі ғылыми орталықтары ның үлгісінде  Агротехникалық хаб, Жапон Қазақстан  және Корея  Қазақстан иновнациялық  орталықтары, нано-биотехнология эерттеу институттары, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі лаборатоиясы  жоғары деңгейде ғылыми зерттеу жұмыстарын  жүргізуде.

Өздеріңізге белгілі қәзіргі заманда тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне  шет елде және бізде   ерекше көніл .Университетіміздің  технология және тамақ өнімдері қауіпсіздігі кафедрасының ұжымы   елімізге тамақ өнеркәсібі саласына білікті мамандар даярлауда  осы салада  ғылыми зрттеу  жұмыстарын нәтиежеліжүргізуде. Профессорлар Оспанов А, Серикбаева А

басшылықтарымен  дәстүрлі емес макорондық тамақтардың технологиясын коммерцияландыру, қазақтың  ұлттық  тағамдары әсіресе түйе өнімдерінің инновациялық технологиясын қалыптастыру ғылыми зерттеу жұмыстары үлкен нәтижелеге ие.Соңғы жылдары әлемдік деңгейде органикалық ауыл шаруашылыңына көп көңіл бөлінуде.Осы орайда кафедрада  Ресейлік, Украиналық ғалымдармен  бірігіп экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру әдісі зертеліп өндіріске енгізілуде.

Әрине Университетіміздің ірі аграрлық ғылыми зерттеу орталығы болып қалыптасуына және жоғарыдағы айтылған  тұлғалардың жолын жалғастырып  жоғары нәтиежеге ие болуы Университетіміздің  оқытушы профессорлары мен басшылаларының тынбай еңбектенуінің арқасы деп білемін. Аталмыш  мерекеге орай Желтоқсанның 3-4  күндері  Университетімізде  өткен  бүкіл дүниежүзілік Саммит оқу орнының  әлемдегі биік деңгейінің  куәсі іспеттес.

 

Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы,

профессор, ҚҰИА және УҰИА академигі                        Кожахметов М.К

 

Тағам өнімдерінің технологиясы

 және қауіпсіздігі кафедрасының менгерушісі

Биология ғылымының кандидаты

қауымдастырылған профессор                                             Мамаева Л.А.

 

 

Тағам өнімдерінің технологиясы

 және қауіпсіздігі кафедрасының ассисенті                          Валиева Г

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.