Рамазандағы қайырымдылық

0

Қасиетті Рамазан айында аудандық «Қордай» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Жылдағы дәстүрге сай қасиетті айда аудандық «Қордай» мешітінде қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Осындай сауапты іс барысында бас имам Әлмұхаммед Егізбаев мешітке жиналған тұрғындарды Рамазан айымен құттықтып, қасиетті айдың артықшылықтары, қайырымдылық, мейірім жайлы көркем насихат, уағыз айтты. Осылайша арнайы дайындалған азық-түлік себеттері 100 адамға таратылды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандар болды. Өз кезегінде аталмыш азаматтар қайырымдылық іске атсалысқан барша адамдарға алғыстарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.