ҚОЛДАУ БАР ЖЕРДЕ НӘТИЖЕ БАР

0

«Мен өзіме дауыс берген азаматтардың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының алдында есеп беретін болдым. Қазақта «Байлық не керек, адалдан жимасаң, билік не керек, әділдік құрмасаң» деген сөз бар. Бұл – бұлжытпай ұстанатын өмірлік қағидатым», — деген Президент барлығымызға ой салғаны рас. Өздеріңізге белгілі 20 қараша күні елімізде үлкен саяси науқан өтіп, сайлау қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.
Сол бір саяси науқанда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын көрсеткен аудан азаматтарына өткен аптада алғыс айтылды. Аудан басшысы Мәден Мұсаев бір айға созылған аталмыш науқанда елеулі еңбегімен еленген жандарға ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Осындай ел ертеңі үшін маңызды шараға дайындық пен оны өткізуге белсенді қатысқан азаматтарға, оның ішінде ауыл ақсақалдары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Қоғамдық жұмыстарды абыроймен атқарған, жан-жақты қолдау көрсеткен қордайлықтарға айтар рахметіміз мол. Алдағы уақытта да біз осылай бірге жұмыс жасап, бір-бірімізді қолдасақ, жоғары нәтижеге қол жеткіземіз, — деді Мәден Тоқтарбайұлы белсенділермен кездесу барысында.
Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында 2022 жылдың 26 қарашасында өткен ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтың сенімі – ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма – бағасы, алдағы жоспарыма батасы деп қабылдаймын!» дегені баршаның есінде.
-Ең бастысы, халқымыз өз Президентіне таңдау жасады. Ендігі жерде, Мемлекет басшысы айтқандай, тек бел шеше жұмысқа кірісу қалды. Алдағы жеті жылда ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге еліміз үлкен жетістіктерге жететіндігіне кәміл сенемін. «Халықтың сенімін ақтауымыз керек, сондықтан бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет», деді. Президенттің «бәріміз» деген сөзінің салмағы бар. Президент қана емес, әрқайсысымыз да өз үлесімізді қосып, алдымыздағы жұмысымызды әділ атқаруымыз керек. Еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын, — деді Мәден Мұсаев.
Ж.ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.