ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

0

2023 жылы «22» наурыз №06

Қордай ауданының Сарыбұлак және Масанчи ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылғы 30 сәуірге Қордай ауданының Сарыбұлак және Масанчи ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
2. 2023 жылғы 30 сәуірге тағайындалған Қордай ауданының Сарыбұлак және Масанчи ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

Комиссия төрағасы А.Сырлыбаев
Комиссия хатшысы Г.Абишева

ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ

2023 жылы «22» наурыз №07

Қордай ауданының Сарыбұлақ және Масанчи ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қордай ауданының Сарыбұлақ және Масанчи ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру:
1) Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі – Сарыбұлақ ауылдық округі шекарасындағы Сарыбұлақ сайлау округі;
2) Масанчи ауылдық округі әкімі – Масанчи ауылдық округі шекарасындағы Масанчи сайлау округі.
2. Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

Комиссия төрағасы А.Сырлыбаев
Комиссия хатшысы Г.Абишева

Leave A Reply

Your email address will not be published.