№19 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ САРМАНОВ МАҚСАТ ТАЛҒАТҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

 Өмірбаян

Мен, Сарманов Мақсат Талғатұлы 1981 жылдың 10 қыркүйегінде Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында дүниеге келдім.

Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

«Қайнар» университетінде «Заңгер» мамандығын және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын (бакалавры) аяқтадым. Еңбек жолымды 2001-2002 жылдар аралығында «Жамбыл Күзет» РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорнының күзетшісі болып бастадым.

2003-2004 жылдары Тараз қалалық мемлекеттік сотының жұмысшысы, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының маманы,тіркеуші қызметінде жұмыс атқардым. 2006-2007 жылдарыТараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы, 2007-2011 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы №3 Тараз қалалық филиалының директоры, 2011-2012 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы Жамбыл аудандық филиалы операциялық залының басшысы, 2012-2016 жылдары Жамбыл облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы Қордай аудандық филиалының бөлім басшысы, 2016-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Қордай ауданы бөлімінің басшысы қызметтерін атқардым. 2018 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – Қордай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеймін.

2010 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін.

Үйленгенмін, 2 ұл және 1 қыз тәрбиелеп отырмын.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Менің басты мақсатым – әділетті қоғамның қалыптасып, ауыл тұрғындарының табысын барынша арттыру болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі бағыттарға тоқталғым келеді.

  1. «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобаларын іске асыру үшін бар ынта жігерімді жұмсаймын;

2.«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуына және депутат болған жағдайда Отар ауылындағы күл-қоқыс полигонын қоршау мәселесіне көңіл аударамын;

3.Су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға;

4.Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға;

5.Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген несие, гранттарға қол жеткізуіне ақпараттық қолдау жасауға;

6.Қоқыс сұрыптау кешені мен полигон құрылысына;

7.Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігін нығайтуға;

8.Балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етуге;

9.Өрт сөндіру пунктіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

Осы және басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін сайлау округімдегі елді мекендерді дамытудың жоспары жасалатын болады.

Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен Отар ауылдық округі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.