2023 ЖЫЛҒЫ 29 ҚАЗАНДА ӨТКЕН ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ДЕПУТАТТЫҢ ОРНЫНА САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

2023 жылғы 29 қазанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қордай аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 4478 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2778 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 24 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны — 3.

19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Аманбаев Самат Салимович үшін сайлаушылардың 237 дауысы берілді,

Сарманов Мақсат Талғатұлы үшін сайлаушылардың 2221 дауысы берілді,

Хамитхожаев Ержан Серікқұлұлы үшін сайлаушылардың 261 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 32.

Сайлау қорытындысымен  19 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихаттың депутаты болып  Сарманов Мақсат Талғатұлы сайланды, 1981 жылы туған, Қордай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, Қордай ауданы.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.