Қордай аудандық Мәдениет үйінде ардагерлер кеңесі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл толуына орай «Ақ әжем» атты аудандық байқау өтті.
Тағылымы мол шараның басты мақсаты – отбасылық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, әже мен немере арасындағы рухани байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың өнер мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрін, сөз өнерін, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету қағидаларын кеңінен насихаттау көзделді.
Байқауға ауданның ауылдық округтерінен 16 әже немерелерімен бірге қатысып, өз өнерлері мен өнегелі өмір жолдарын көпшілікке таныстырды. Қатысушылар ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, әжелердің тәлім-тәрбиелік тәжірибесін сахна төрінде шебер көрсете білді.
Қордай аудандық Мәдениет үйінде ардагерлер кеңесі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл толуына орай «Ақ әжем» атты аудандық байқау өтті.
Prev Post
Next Post