АУҚАТТЫ АУЫЛЫНДАҒЫ ҰМЫТЫЛМАС СӘТТЕР

0

АУҚАТТЫ АУЫЛЫНДАҒЫ ҰМЫТЫЛМАС СӘТТЕР

Жазғы демалыс – балалар үшін ерекше әсерге, қызықты оқиғаларға және жаңа достыққа толы кезең. Осы орайда Қордай ауданы, Ауқатты ауылындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп жанынан ұйымдастырылған «Күншуақ» жазғы демалыс лагері оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік беруде.

Лагерьдің әр күні спорттық ойындармен, танымдық шаралармен және шығармашылық тапсырмалармен өріліп, балалардың жан-жақты дамуына ықпал етуде. Ашық аспан астындағы белсенді ойындар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты да арттыруда.

Балалардың ерекше қуанышқа бөленген сәттерінің бірі – тәтті үзіліс кезінде балмұздақ тарату болды. Шат күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй лагерьдің басты көрінісіне айналды.

Лагерь жұмысы барысында қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, әрбір іс-шара балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып ұйымдастырылуда.

Жалпы, мұндай жазғы лагерьлер ауданымыздың барлық мектептерінде өткізілуде. Бұл – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға, олардың жан-жақты дамуына және бос уақытын пайдалы өткізуіне бағытталған маңызды қамқорлықтың жарқын көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.