Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 Әлжан ана ауылдық кітапханасында «Ел мен жердің жыршысы – Байсерке Қылышұлы» атты тарихи сабақ өткізілді.

0

🎯Шараның негізгі мақсаты – ел тарихында өзіндік орны бар Байсерке Қылышұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін, ел мен жер тағдырын жырлаған өнегелі еңбектерін насихаттау, жас ұрпақты тарихи тұлғалардың тағылымды жолынан үлгі алуға тәрбиелеу.

📚Тарихи сабақ барысында кітапханашы Байсерке Қылышұлының өмір жолы, қоғамдық қызметі және шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берді. Оның ел бірлігі мен жер қадірін дәріптеген жырлары мен толғауларына тоқталып, ақын мұрасының кейінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

📖Қатысушыларға тарихи тұлғаның шығармашылығынан үзінділер ұсынылып, туған жерді қастерлеу, ел тарихын білу, ұлттық құндылықтарды бағалау жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.