ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-4 санаты бойынша:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-R-4 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару — жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық пошта: otdelkadr17@mail.ru.

1.Қордай ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, Е-4 — санаты, 1 бірлік № 01-11-02 (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Шығыс корреспонденцияларын тіркейді және корреспонденциялар мен телеграммаларды пошта арқылы жіберуді, кіріс құжаттарын дайындауды, шығыс, кіріс құжаттарының айналымы бойынша талдама жасауды, жоғары органдардан келіп түскен кіріс құжаттарының орындалуын бақылауға алып, жауаптарын уақытында жолдауды жүргізу. Бөлімде бақылауға алынған Президенттің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктерінің актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу және тоқсандық талдама жасау, іс қағаздардың, жалпы құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету. Әкім аппаратында және оның құрылымдық бөлімдерінде оперативтік іс-қағаздардың және нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы орындалуын және аудан әкімі аппаратында және оның құрылымдық бөлімдерінде арнайы нұсқаулықтарға сәйкес іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің бірыңғай тәртібін қадағалау және нормативтік-құқықтық актілердің дайындалу сапасын бақылау. Аудан әкімдігі бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының жұмыстарын үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі — Гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
2. Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық, бюджеттік саясат және жоспарлау, экономиканың базалық салаларын дамыту және әлеуметтік бағдарламалар секторының бас маманы, E-R-4 cанаты, 1 бірлік, №01-06, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Алдағы қаржы жылына аудандық бюджет жобасын қалыптастыруға, тиісті жылға арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуге және бюджет құрылымына сәйкес бюджетке және мемлекеттік, салалық (секторлық), аудандық бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізу. Бөлім аппаратының штат кестесін және келісім-шарт бойынша қызметкерлерінің кестесін жасау, оны бекіту. 2023 жылға арналған бір жылдық қаржыландыру жоспар жасау және бекіту, оның ішінде: төлемдер бойынша және міндеттемелер бойынша. Бөлім қызметкерлерінің жалақысы, екі айлық жәрдемақы мен демалыс ақысын есептеу және аудару. Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке аудару. Байланыс қызметіне және «Интернет» желісіне төлем төлеу. Қазынашылық басқармасымен есеп айырысу жұмыстарымен айналысу. Бөлімнің теңгерімдегі негізгі айналымдағы қорларды, бухгалтерлік баланс жасау, негізгі кітапты жүргізу. Бөлімнің айлық, тоқсандық, жылдық қортындысын салық комитетіне, қаржы бөліміне, статистикалық басқармасына тапсыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша жоспарды жасау және бекіту. Бір жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізілген жағдайда тиісті өзгерістер мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізіледі. Бөлімнің мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарын жүргізеді. Бөлімдегі құжат айналымы мен іс қағаздарының жүргізілуіне бақылау жасау. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметті көрсету. Аталған бағдарлама аясында жұмыстарды атқару. Мемлекеттік қызмет көрсету бағдарламасы аясында ай сайынғы есептілікті дайындау, берешегі қалыптасқан азаматтармен жұмыс жасау. Бағдарлама аясында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштері мен арыздарын қарау және қолданыстағы заңнама шеңберінде жауабын сапалы әзірлеу, жауабын дайындау. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің және ауызша арыз-шағымдардың қаралуын ұйымдастырады, ай сайынғы, тоқсандық және жылдық №1-ТӨ нысанды статистикалық есепті жүргізу, жоғары органға тапсыру. Бөлімнің жұмыс жоспарын және оның орындалуын ұйымдастыру. Істерді мұрағатқа өткізу мен дайындау жұмыстарын ұйымдастыру. Сектор жұмысына қатысты басқа да сұрақтарды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе Жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, E-R-4 cанаты, 1 бірлік №01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Аудан аумақтарында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, көлік және жол ұйымдарының, олардың материалдық-техникалық базаларын жаңартудың және нығайту мәселелері мен ұйымдардың және кәсіпорындардың қуаттылығын тиімді пайдалану қызметтеріне талдауды жүзеге асыру, ауылдық округтер әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру және бақылау жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Автомобиль жолдары бойынша мемлекеттік бағдарламасын және жол ұйымдарына көмектесу бойынша, сол саладағы қызметшілердің жұмыстарының аудандық деңгейде орындалуы. Жоғарыда көрсетілген бағдарламаларға сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін ақпарат жинауды, сондай-ақ, дайын жобаның мемлекеттік сараптамадан өтуіне және алуын қадағалау. Сондай-ақ, дайын жобаларды қаржыландыру үшін жауапты облыс басқармасына бюджеттік өтінім беру. Автожол саласындағы аудан бойынша жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқару. Маусымдық аудандық, облыстық автожолдарды күтіп ұстау, аудандық маңызы бар автожолдарда жүргізілетін күрделі, орташа және ағымды жөндеу жұмыстарын қадағалау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу. Аудан әкімі мен облыс әкімдігі басқармалары басшыларымен келіскен индикатордың уақтылы орындалуын, атап айтқанда, ақпарат жинауды, деректерді өңдеуді қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
4. Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, E-R-4 cанаты, 1 бірлік №01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлім басшысының бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Бөлімнің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Бөлімнің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Басшының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Бөлімнің басқа бас маманы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттемелерін орындау. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Қызмет көрсету саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жерге орналастыру немесе кадастр немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе геодезия және картография немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
5.Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2023 жылдың 22 шілдесіне дейін), E-G-4 cанаты, 1 бірлік, № 01-08 (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімі және әкімнің орынбасары тапсырған нұсқауларын және берілген тапсырмаларын орындау. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы өткізу. Барлық салық төлемдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Иесіз мүліктерді тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Ағаш кесу бойынша жұмыстарды жүргізу. Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, кіші және орта кәсіпкерліктің өсуі мен дамуы салалары бойынша жұмыстарды жүргізу, кәсіпкерлермен дүкен, сауда орталықтарының атауларының дұрыс жазылуын қадағалап, өзара қарым-қатынас жасау. Ауылдық округтегі шағын және орта кәсіперлік нысандары мен көрнекі жарнамалары бойынша жұмыстарды жүргізу. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
6. Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-05, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу. Ономастика саласы бойынша көше атауларының және реттік нөмерлерін шаруашылық кітап бойынша бақылап, жұмыстар жүргізу. Мәдениет саласы және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша заңға сәйкес жұмыстарды қадағалау. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Архив құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және басқа архивтің қабылдауы, сақтауы есепке алуы мен пайдалануы, ведомстволық сақтауда тұрған құжаттарды дұрыс қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысу. Ауылдық округ бойынша үй-шаруашылық есеп кітаптарындағы өзгерістерді электрондық базаға енгізу, автоматтандырылған «Е-халық» жүйісі жұмысын қамтамасыз ету. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша жұмыстар атқару. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсыну. Берілген анықтамаларды тіркеу бойынша жұмысты жүргізу. «Е-gov» бойынша жұмысты жүргізу. Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесі жұмысын жүргізу. Басшының берілген қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
7. Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2024 жылдың 28 ақпанына дейін ), E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-05, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін). *
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына қажетті мәліметтерді анықтау, олардың жұмыстарына талдауға, сараптама жасауға (көктемгі егіс көлемі, күзгі өнім алу мәліметі), «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша, т.б қорлардан несие алуға, құжаттарын заңдастыруға көмек беру. Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу. «Е-gov» бойынша жұмысты жүргізу. Ономастика саласы бойынша көше атауларының және реттік нөмерлерін шаруашылық кітап бойынша жұмыстарын жүргізу. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміне қатысты барлық мәселелерді жүргізу. Ауылшаруашылық саласы бойынша және ветеринария саласы бойынша жұмыстарды жүргізу. Егін орағының барысы туралы жұмыстарды зерделеу. Мал азығын дайындау жоспарын орындау. Ауылдық округте бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу. Мал санын анықтау, асыл тұқымды мал шаруашылығының ет, сүт, жүн өндіруді дамыту. Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау, үй-үйді аралап, өз уақытысында есеп журналын жүргізу. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды, санитарлық тазалық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу. «Жасыл белдеу» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды және қысқы кезенде көшелерді қардан тазалауды жүргізу. Қаракемер ауылдық округінің төлқұжатын дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
8. Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-08, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтегі құнды заттардың ай сайынғы есебін жүргізу, айлық, тоқсандық, жылдық баланыстарды, бухгалтерлік кәртішкелер есебін, айналым ведомостарын, басқа бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Сенім хаттардың есебін жүргізу, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру. Іссапарлар кітабын жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу. Есеп кітабын және айлық жалақы, демалыстарды есептеу, қазынашылық құжаттары. Төленетін қаржы реестрін, тапсырыс реестрін, өнім берушінің келісім-шарттары реестрін, анықтамалар реестрін, табыс салығының кітабын жүргізу. Қаржы тапсырыстары келісім-шарттардың орындалуын, төленуін қаржылар есебін, есептердің мерзімінде және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша салық комитеті, қазынашылық басқармасы, статистика басқармасы, әкімдіктің бөлімдерімен өз ара іс қимыл жасау. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу, жабдықтар мен материалдар, статистикалық, бухгалтерлік есептерін жүргізу, қаржылық әрекеттер жасап, қаржы жоспарлары жұмыстарын үйлестіреді. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Қаржыландыру жөніндегі есеп берулерге, жұмыс уақытын есепке алу табелдерге, мүлікті материалдық құндылықтарды және активтерді түгендеу бойынша құжаттар мен актілермен жұмыс жүргізуге, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік төлемдерді уақытылы аудару бойынша жұмыс жасау, арнайы мемлекеттік және өзге де жәрдемақылардың еңбекке жарамсыздық парақтар мен материалдық көмек беру туралы құжаттармен жұмыс жасау, қызметкерлерге еңбек ақы беру кітабымен, қызметкерлердің іс сапары туралы құжаттармен жұмыс жасау. Негізгі құралдарды өзге де мүліктерді есепке алу журналымен жұмыс жүргізу, негізгі қорларды қайта бағалау, негізгі құралдардың амортизациясын анықтау, ұйым мүлкінің құнын бағалау туралы құжаттармен, сенім хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді. Салықтың барлық түрлері бойынша салық декларациясы туралы есептер жүргізу. Ай сайынғы ,тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
9. Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-07, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу. Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ, өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ, персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
*(Ескерту:Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100-бабына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті).

Leave A Reply

Your email address will not be published.