ҚОРДАЙ АУДАНЫ, МАСАНЧИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ БУЛАРОВ ХУСЕИН БАШИРҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Құрметті Масанчи ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Буларов Хусеин Баширұлы Қордай ауданы, Сортөбе ауылында дүниеге келіп, Сортөбе ауылында өстім. 2009 жылы Қырғызстан мемлекетінде И.Раззак атындағы университетінде «Мұнай газ саласы бойынша геолог инженер» мамандығы бойынша жоғары білім алдым. 2016 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы» бойынша жоғарғы білім алдым.
Еңбек жолымды Алматы қаласындағы «ТГВ-Строй» ЖШС-нде шебер қызметінен бастадым. 2015-2020 жылдары Масанчи ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман лауазымында қызмет атқардым. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Масанчи ауылдық округі әкімінің аппаратында әкімнің орынбасары қызметін атқарудамын. Қызметті атқару кезеңінде Масанчи ауылындағы Береговой көшесін жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастырдым және ауылдық округті көгалдандыруға атсалыстым. Округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болуымның арқасында ауыл тұрғындарының күнделікті қандай қиындықтарға тап болатынын жақсы түсінемін. Нашар жолдар, жарықтандыру, ауыз су, табиғи газ, интернет байланысы және жайылым мәселелері – мұның барлығы маған таныс. Бүгін мен осы мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатынын нақты білемін! Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай алатын боламын!
Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!
Мен әрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: +7 7026202488
Email: b.husein@mail.ru
Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
2023-2024 жылдары Масанчи, Күнбатыс, Күнбатыс-2 ауылдарының 6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал ететін боламын;
2023 жылы Күнбатыс, Күнбатыс-2 ауылдарына интернет байланысын орнатуға ықпал ететін боламын ;
2023 жылы Масанчи ауылдық ауруханасына қосымша құрылысын салуға ықпал ететін боламын;
2023 жылы Масанчи ауылындағы Мәңгілік ел көшесін жарықтандыруға ықпал ететін боламын;
2024-2025 жылдары Күнбатыс-2 ауылындағы су құбыры құрылысын жаңартуға ықпал ететін боламын
2023-2024 жылдары Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 ауылдарына кіші футбол алаңдарын салуға ықпал ететін боламын;
2024-2025 жылдары Масанчи ауылына дене шынықтыру сауықтыру кешені құрылысын салуға ықпал ететін боламын;
2023-2024 жылдары асарлату жобасы аясында ауылдағы аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үйлермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізуге ықпал етемін.
2025-2026 жылдары Ертөстік бөбекжайына және №12 мектеп нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.
Кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, округтегі шағын және орта бизнесті дамытуға бар күш жігерімді жұмсайтын боламын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.