ҚОРДАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ҚАРАКЕМЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

0

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 12 шілдеге Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын;
  2. 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

Комиссия төрағасы                                                                   А.СЫРЛЫБАЕВ

Комиссия хатшысы                                                                   Г.НИЯЗГУЛОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.