ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ҚАРАКЕМЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ БОЙЫНША САЙЛАУ ОКРУГТЕРІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

0

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданының Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтерінің шекараларында сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

Төраға                                                                                                        А.СЫРЛЫБАЕВ

Хатшы                                                                                                        Г.НИЯЗГУЛОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.