ҚОРДАЙЛЫҚТАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

0

Еліміз бойынша бір мезетте бастау алған «Таза Қазақстан» акциясына қордайлықтар да белсене атсалысуда. Әр ауылдық округтердегі әкімдік, мекеме мен ұйым қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, аудандық мәслихат депутаттары сондай-ақ жастар қауымы жұдырықтай жұмылып, тазалық науқанын жүргізді.

Айта кетейік, республикалық акция бес аптаға созылып, әр апта белгілі бір тақырып аясында өтпек. Науқанның алғашқы аптасы «Таза өлке» тақырыбында өрбіді. 13 сәуірге дейін жалғасқан жеті күндікте аудан тұрғындары айналаға тал-терек, шырша көшеттерін егіп, ағаштарды әктеп, ауыл көшелерін күл-қоқыстан тазартты. Мәселен, Масаншы ауылының тұрғындары ауылдағы саябақтар мен аллеяларға, көше бойларына демеушілер есебінен 500-ден астам түрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Игі шараны қарасайлықтар да қолдап, ауылға 1000-нан астам түрлі тал көшеттерін екті.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөзді санаға түйген аға буын өкілдері мен жас ұрпақ еңбек дәстүрін осылай дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығының, береке-бірліктің үлгісін көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.