«Киелі мекен» апталығының ауқымы кең

0

«Таза Қазақстан» экологиялық акцияның алғашқы легін сәтті өткізген қордайлықтар іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп шыққан болатын. Енді 20 сәуірге дейінгі апталық «Киелі мекен» деп аталады. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. Бұл бойынша аудан көлемінде ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. Мәселен, Кенен ауылындағы Кенен Әзірбаев мемориалдық музейінен бастау алған тазалық жұмыстары музей маңындағы ауқымды аумақты абаттандырумен жалғасты. Онда қызметкерлер аталмыш акция барысында белсенділік танытып, тазалық жұмысына жұмыла кірісті. Кенендіктер бастаған жұмыс Масаншыда да жалғасын тапты. Ауылдық музей қызметкерлері абаттандыруға белсене қатысып, тазалыққа таңмен кірісті.
Осылайша «Киелі мекен» апталығы ауданымызда үлкен ауқыммен қолға алынуда. Бұл игі істер жалпы аудан бойынша жалғасын табатынын айтқымыз келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.