ҚЫМБАТТЫ АРДАГЕРЛЕР!

0

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн.
Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.
Мемлекетіміздің салиқалы саясатының арқасында Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне, шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалып келеді. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлердің денсаулығын сақтау, сауықтыру және демалысын өткізуге жағдай жасау, көп балалы аналарды қолдау сияқты әлеуметтік қолдаулар – еліміздің өркендеп, өсуінің кепілі. Сіздер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, даналықтың, парасаттылықтың өнегесі болып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосып келесіздер!
Құрметті ардагер ағалар мен
ақ жаулықты аналар! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілеймін.
Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Біржан Әлімбет

Leave A Reply

Your email address will not be published.