ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНА ТАУАРЛАР ИМПОРТ/ТРАНЗИТ ТАСУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

0

Салық кодексінің 438 бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілер болып, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар және кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға табылады.
Салық кодексінің 456 бабына сәйкес, Сіздерге импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төленеді.
«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №546 бұйрығына сәйкес, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат – халықаралық тауар-көлік жүкқұжаты (CMR), тауар-көлік жүкқұжаты немесе жүк (тауар), оны жөнелтуші және алушы туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжат.
2022 жылғы 9 қыркүйектегі Қырғыз тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тасымалданатын тауарға өткізу кезінде өзімен бірге Қырғыз Республикасының электрондық шот-фактуралары (ЭШФ) болуы қажет.
ЭШФ төмендегі жағдайларда қажет етілмейді:
— шоғырландырылған жүкпен тасымалданатын жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін тауарларды өткізу кезінде;
— тауарларды бір заңды тұлға шегінде өткізу кезінде;
— тараны қайтару;
— сапасыз болған жағдайда тауарларды қайтару;
— тауарларды уақытша әкелу.
Тасымалданатын тауарларға ЭШФ болмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары автокөлік құралдарын Қырғыз Республикасының аумағына қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда + 7 (7262) 45-37-93 телефоны арқылы хабарласу қажет.
Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.