КЕНЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

0

Қазіргі таңда Кенен ауылдық округі әкімдігі ғимаратында «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» және Кенен ауылдық кітапханасында орналасқан «Цифрландырылған ақпараттық орталық» ауыл тұрғындарына сапалы түрде мемлекеттік қызметтің 15 түрін ұсынады. Бастапқы мақсат – тұрғындардың жылдам әрі ыңғайлы түрде ЭЦҚ кілттерін қолдану арқылы «еGov» веб-порталында мемлекеттік қызмет түрлерін алуына жағдай жасау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді беру дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) жүзеге асырылады. Сондай-ақ, кез келген адам «еGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы барлық қызметтерге қол жеткізе алады.

Кенен ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.