Үй жануарларын есепке алу туралы

0

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздердің назарларынызға «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес әрбір қазақстандық иелігіндегі үй жануарларын (ит және мысық) чиптеуге 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап міндеттелген.

Үй жануарларын чиптеу ине арқылы жүзеге асады. Чип жануардың мойын мен арқа тұсының ортасына енгізіледі. Бұл ит пен мысықтың қозғалысына және денсаулығына кедергі келтірмейді. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдеуінше, чиптеу жануарларға деген адамның көзқарасын өзгертіп, қарым-қатынасты реттеу үшін ұсынылған іс-шара. Сондай-ақ бұл процедура ит пен мысықтың санын білуге және қаңғыбас жануарлардын санын реттеуге септігін тигізеді. Өткен 2023 жылы чиптеу жұмыстары басталып қазіргі кезде 200 ге жуық үй жануарлары тіркелген. Үй жануарларын чиптеу ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңның 11-бабына сәйкес үй жануарларын есепке алу бұйымдарын пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі. Жануарлардың иелері әлеуметтік осал топтарға жататын болса, есепке алу бюджет есебінен жүзеге асырылады. Үй жануарларын тіркеу ауданымыздың ветеринариялық станциясына жүгінулеріңізді сұраймыз.

Ғ.Сабралы, Қордай ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.