ҮКІМЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ «ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН» КӨРМЕСІНДЕ ӨНІМДЕРМЕН ТАНЫСТЫ

0

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары 25-27 қыркүйек аралығында Астанада өтіп жатқан «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің экспозициясымен танысты.

Қазақстандық «Иннопромның» тақырыбы – жаңа кезеңнің өнеркәсіптік стратегиялары. Елордадағы EXPO орталығының алаңында ұйымдастырылған көрмеге ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысуда. Келушілер назарына металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен фармацевтика салаларындағы өнімдердің кең ассортименті ұсынылған.

Көрмені аралау барысында Әлихан Смайылов, Роман Головченко, Ақылбек Жапаров және Михаил Мишустинге «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ» компаниясының, Railways System KZ теміржол машина жасау кәсіпорындары қауымдастығының, қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасы, автомобильдер, мұнай-газ, тау-кен және медициналық техника, электротехника, бақылау-өлшеу аспаптары, арнайы жұмыс киімдері, тыңайтқыштар т.б. өндірушілерінің стендтері таныстырылды. Сонымен қатар үкіметтер басшылары назарына виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып, өнеркәсіптік ІТ әзірлемелер, ақпараттық жүйелер мен цифрлық өнімдер ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.