Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына байланысты БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11сынып оқушылары мен ата–аналары арасында аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Байгелованың ұйымдастыруымен «Үздік оқырман отбасы» атты аудандық байқау өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасылық кітап оқуды насихаттау, оқушылардың әдеби кітапқа қызығушылықтарын арттыру, балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту. Байқауға 30 мектеп қатысты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп, 1-орын А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп, 2-орын №3 А.Құнанбаев және Ш.Құдайбердіұлы атындағы орта мектеп, 3-орын №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейі, №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектеп, М.Шоқай атындағы орта мектеп жүлделі орындарға ие болды. Облыстық кезеңге №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 3-сынып оқушысы байқауға жіберілді. Байқауға облыс бойынша 18 отбасы қатысып, 9 отбасы жүлделі орындарды иеленді. Қордай ауданының №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің Дүйсебаевтар отбасы 2-орынды иеленді.