РАХМЕТ САҒАН, ӘЛІППЕ!

0

Мектеп табалдығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерге білім атты әлемге жол ашатын ең басты адамы – ұстаз болса, олардың алғашқы танымын қалыптастыратын оқулығы – Әліппе. Мектептен түлеп үшқан әрбір азамат үшін «Әліппеге» деген сағынышы балалық шағының тәтті естелігі болып қалары анық.

Қазір аудан мектептерінің көпшілігінде 1-сынып оқушылары үшін «Әліппемен қоштасу» кештері ұйымдастырылуда. 22 желтоқсан күні дәл осындай ертеңгілік Мұстафа Шоқай атындағы №30 мектебінің акт залында өтті. 1 «Ә» сыныбының ертеңгілігінде оқушылар өз білімдерін көрсетіп, Әліппеге арнаған әндерін шырқап, тақпақтарын айтты. Кеше ғана мектеп есігін таңырқай, қобалжи ашқан балақайлар, аз уақыт ішінде біраз нәрсе үйренген, жүріс-тұрысы, сөз саптаулары түзелген, есейген, өздеріне сенімді мектеп оқушысына айналғанын байқадық. «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дегендей, бұл біріншіден, сынып жетекшісінің еңбегі екені сөзсіз. 1«Ә» сыныбының ұстазы Гүлзира Жақсылықованың «Әліппемен қоштасу» кешіне балаларды жан-жақты дайындағаны көрініп-ақ тұр. Ұл-қыздарымызға енді әрі қарай да білім көкжиектерін кеңейтіп, зейіндері ашыла берсін деп тілейміз.

Көпбалалы ана А.АРЫНОВА, А.ЛЕТЕЕВА, М.АЛЬМЕЖАНОВА, ұстаз, Л.ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА.

Leave A Reply

Your email address will not be published.