ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚАРАША АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

Ауыл шаруашылығы. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 7814 тонна ет (сойыс салмақта), 59127,6 тонна сүт, 18481,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 159,8 тонна ет кем өндіріліп, 527,8 тонна сүт артық өндірілді. Мал басы өз төлдері есебінен көбейту арқылы мүйізді ірі қара мал саны 77558 басқа, қой -483495 басқа, ешкі -9754 басқа, жылқы -18116 басқа, шошқа -1129 басқа, үй құстары 114569 басқа жетіп, өткен жылғы есепті мерзімдегімен салыстырғанда қой 49149 басқа, жылқы -719 басқа, шошқа 407 басқа көбейіп, ірі қара мал -3785 басқа, ешкі -2297 басқа, үй құстары 10264 басқа кеміді.

Өнеркәсіп өндірісі. Аудан бойынша қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 17378703 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы сәйкес кезеңге 100,6%-ды құрады.

Инвестиция және құрылыс. Аудан бойынша қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 44550748 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14036364 мың теңгені құрады.

Бөлшек сауда. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 33027017 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 8914836 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 24112181 мың теңгеге сатылды.

Қордай аудандық статистика басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.