«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

0

Жастар арасында отбасындағы әкенің рөлі мен жауапкершілігін түсіндіру, әкеге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әке – отбасының тірегі!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында әкенің бала тәрбиесіндегі орны, отбасының береке-бірлігін сақтаудағы рөлі мен жауапкершілігі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар әкені құрметтеу, оның еңбегін бағалау, әке өнегесін үлгі тұту және отбасындағы өзара сыйластықты нығайту мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында жастарға отбасы құндылықтарын қадірлеудің, ата-ананы құрметтеудің және ұрпақ тәрбиесіндегі әке өнегесінің маңызы түсіндірілді.

Әке – асқар тау, отбасының қорғаны, ұрпақтың мақтанышы!

Leave A Reply

Your email address will not be published.