Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу

0

Гвардейск гарнизонында әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті.

Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері әділет лейтенанты Мақсат Мұратбеков гарнизондағы әскери бөлімдердің әскери қызметшілерімен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда әскери тәртіпті және құқықтық тәртіпті нығайту, әкімшілік заңнаманың ережелері туралы айтылды. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту мәселесі мен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша тұтқындаулар, айыппұлдар және тағы басқа сот шешімдері жеткізілді.

— Жоспарға сәйкес әскери қызметшілердің арасында әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар атқарудамыз. Жеке құраммен тікелей жұмыс жасайтын тәрбиеші офицерлермен де сұхбаттасып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Алдағы уақытта осындай алдын алу іс-шаралары оң нәтиже беретініне сенемін, — деді әскери полиция офицері әділет лейтенанты Мақсат Мұратбеков.

 

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.