Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу

0

Гвардейск гарнизонындағы артиллериялық құраманың жеке құрамына әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті.
Әскери полиция бөлімі әскери қызметшілердің қатысуымен әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, әкімшілік заңнаманың ережелері туралы айтылды. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және әкімшілік жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту мәселесі мен әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тұтқындаулар, айыппұлдар және тағы басқа сот шешімдері жеткізілді.
Алдын алу шарасы Құқық бұзушылық профилактикасының кешенді жоспарын және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу акциясы аясында өткізілді.
Акция шеңберінде әкімшілік заңнаманың ережелерін әскери қызметшілерге жеткізу бойынша кең ақпараттық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ әскери қызметшілерге сот шешімдерін, қамауға алу, ішкі істер органдарының және әскери полицияның айыппұлдары, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әскери қызметшілерге әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы тәртіптік практика жеткізілді.
— Жоспарға сәйкес әскери қызметшілердің арасында әкімшілік құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар атқарудамыз. Бұл жұмыстар әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау деңгейін төмендетуге бағытталды, — дейді Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесі бастығының міндетін уақытша атқарушы сержант Айдос Мырзахметов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.