Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі инновациялар

0
  1. Бала күтімі бойынша төлем кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлемді төлеу кезеңі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды.

Бұл қызмет алушыларға проактивті форматта ұсынылады.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы жұмыс істемейтін аналарға республикалық бюджеттен, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленуде.

 

  1. «Наградталған аналар» мәртебесі енгізілді

 

Әлеуметтік кодекске «Наградталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілді.

Бұл мәртебені «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар әйелдерге беріледі.

Сондай-ақ наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді. Бүгінде 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алуда.

«Алтын алқа» алқа, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен және «Батыр Ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар үшін жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін артты. Бұл жәрдемақы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап төленетін болады.

Қазіргі уақытта «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Бұл көпбалалы аналарды кезекте тұру қажеттілігінен құтқарды, олар мемлекеттік қызметті кез-келген ыңғайлы уақытта және кез-келген жерде ала алады.  Тек бір SMS-хабарламаға жауап бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы жәрдемақыны белсенді ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.

 

  1. Отбасының цифрлық картасын енгізу

 

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Отбасының цифрлық картасы іске қосылды.

Отбасының цифрлы картасы:

біріншіден, қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Яғни, мемлекет кімге, қашан, қандай көмек қажеттігін анықтап қана қоймай, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу шараларын қарастыруға мүмкіндік алады;

екіншіден, карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік санатына және отбасылық әл-ауқат дәрежесіне қарап мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электрондық жаршы құралы қызметін атқаратын болады;

үшіншіден, мемлекеттік қолдауды проактивті форматта жүргізу көзделген. Яғни, азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен көмектер ақпарат жүйесінде бар деректерге негізделіп тағайындалады. Қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылатын болады.

 

  1. Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру

 

Қазіргі қолданыстағы жүйе зейнеткерлердің 3 буынын қамтиды.

Онда 1998 жылға дейін және 1998 жылдан кейін зейнетке шыққан азаматтар зейнетақы төлемдерінің негізгі бөлігін мемлекеттен, ал 2038 жылдан кейін болашақ зейнеткерлер өздерінің жинаған зейнетақы активтерінен алатын болады.

Алдағы уақытта зейнетақы жүйесінің негізгі проблемалары болып 1998 ж. 1 қаңтары бойынша жұмыс өтілінің азаюына байланысты мемлекеттен зейнетақыны алып отырған зейнеткерлердің ынтымақты зейнетақысының мөлшерінің азаюы және болашақ зейнеткерлердің жеткіліксіз жинақтары болмақ.

Сондықтан:

1) 2023 жылғы 1-қаңтарынан бастап бірінші және екінші буын зейнеткерлердің

* ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін күнкөріс деңгейінің 54%- 60% дейін артты. Бұл шара 2028 жылға дейін жалғасып, базалық зейнетақының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өсетін болады;

* зейнеткерлік жасына жеткен азаматтар үшін 1998 жылға дейін еңбек өтіліне сәйкес төленетін зейнетақының мөлшері 55 айлық есептік көрсеткішке тең келетін табыстың көлемінен  (алдын 46 АЕК) есептеледі.

* нәтижесінде орташа зейнетақының мөлшері биыл 120 мың теңгеден асып, орташа еңбек ақының 50% (міндетті зейнетақы жарналарын төленген мөлшерінде есептелген) құрап отыр. Оны зейнеткерлердің жалпы санынан        1 млн астам адам алып отыр;

2) 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап үшінші буын – болашақ зейнеткер үшін жұмыс берушілер тарапынан қосымша зейнетақы жарналары енгізілетін болады. Бұл шаралар азаматтардың зейнетақы активтерінің өсуіне бағытталған;

3) жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушыларға зейнетақы жинақтарының 50 % аспайтын бөлігін активтерді басқару бойынша компанияларға беруге және ол компанияларды өздері таңдауға құқық беріледі.

Бұл ретте мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдікті Ұлттық банк басқаратын бөлігіне ғана беретін болады. Ал жеке басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына және оның табыстылығына салымшы таңдап алған компания жауапты болады.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтың күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығы берілген.

Осы ретте, бірінші топ мүгедектігі бар азамат пен күтімді жүзеге асыратын адам бір қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болу қажет. Жәрдемақы тағайындауға өтініш беруге қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі ықпалдасады.

Осы ретте, бүгінгі таңда күтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатынын атап өтеміз. Дегенмен, Кодекс аясында аталған санаттағы азаматтар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар қатарынан алынып тасталады. Кодекске сәйкес оларға бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға 1,61 ең төменгі күнкөріс (бұдан әрі – ЕТКД) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалалы – 65313 теңге.

Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуетін жақсарту мақсатында келесі жәрдемақылардың мөлшерін ұлғайту қарастырылған:

—      жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 1,71 АЕК-ке – 5900 теңге;

—      жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 0,74 АЕК-ке – 2553 теңге;

—      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 1,23 АЕК-ке – 4244 теңге;

— Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 1,23 АЕК-ке – 4244 теңге;

— мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері – 1,61 ЕТКД – 65313 теңге.

Сондай-ақ, Әлеуметтік Кодексте 2023 жылғы шілдеден бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру көзделген.

Мәселен, жеті жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мүгедектік топтарына бөлінбейді, олардың барлығына ай сайын 1,61 күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлем төленеді, бұл 65313 теңгені құрайды. Үшінші мүгедектік тобының жетіден он сегіз жасқа дейінгі балаларына бірдей мөлшерде төленеді. Екінші топ үшін төлемдер 1,83 күнкөріс деңгейі (74238 теңге), бірінші – 2,20 күнкөріс деңгейі (89248 теңге) құрайды.

Бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін осындай жәрдемақы мөлшері көзделген. Үшінші топ үшін ай сайынғы төлем 1,61 күнкөріс деңгейіне (65313теңге) тең.

Бірінші топтағы жалпы аурудан мүгедектігі бар ересектерге арналған жәрдемақы мөлшері де 2,20 күнкөріс деңгейі (89248теңге) құрайды. Екінші топ үшін — 1,76 күнкөріс деңгейі (71398теңге), ал үшінші топ үшін – 1,20 күнкөріс деңгейі (48681теңге).

Асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алуға қайтыс болған адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері құқылы, бұл, әрине, балалар.

Егер асыраушы қайтыс болғаннан кейін отбасының бір ғана еңбекке жарамсыз мүшесі қалса, онда оған берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 0,92 ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды, бұл 37322 теңгені құрайды.

Егер асырауындағы екі адам болса, онда барлық еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне 1,70 күнкөріс деңгейі (68964теңге), үшеуі – 2,25 күнкөріс деңгейі (91276теңге), төртеуі – 2,60 күнкөріс деңгейі (105475теңге), бесеуі – 2,75 күнкөріс деңгейі (111560теңге), алты және одан да көп – 3,00 күнкөріс деңгейі (121701теңге) төленеді.

Жетім балаларға ата-анасының екеуі де жоғалған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір айлық жәрдемақы әр балаға 1,54 күнкөріс деңгейін (62474 теңге), отбасының қалған еңбекке жарамсыз мүшелеріне – 0,62 күнкөріс деңгейі (25151теңге) мөлшерінде, бірақ барлығына 2,92 күнкөріс деңгейінен (118456теңге) аспайтын мөлшерде тағайындалады.

2023 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

 

  1. Медициналық-әлеуметтік сараптаманы трансформациялау

 

Әлеуметтік кодекс шеңберінде мүгедектікті белгілеудің сырттай немесе проактивті форматы заңнамалық түрде бекітілген.

Мүгедектікті белгілеудің проактивті форматы кезінде адамға басқа инстанцияларға бармай-ақ, тек емханаға жүгіну жеткілікті болады.

Бұл ретте, тиісті әлеуметтік төлемдер мен көрсетілетін қызметтерді сараптау, тағайындау Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде өтініш берушінің қатысуынсыз автоматты түрде жүргізіледі.

Сараптамаға азаматтарға бұрын көрсетілген медициналық көмек түрлерін ескере отырып, тиімді оңалту шараларын тағайындау үшін тәжірибелі практик дәрігерлер тартылатын болады. Тәуелсіз сарапшылардың Бірыңғай реестрі құрылады, оған конкурстық негізде біліктілік деңгейі мен жұмыс өтілдері бойынша мамандар таңдалады.

 

С.Ниязбекова, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.