ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу жөніндегі Жарлығына сай Қордай ауданында аудан басшысы Бегзат Болатбековтың тұрғындармен кездесу кестесі әзірленген болатын.

Билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту, әлеуметтік мәселелердің шешілуі туралы ақпарат беру мақсатында, аудан әкімі 18 қаңтар күні Масаншы және Сортөбе ауылдық округтеріне барып, сапары барысында әлеуметтік-мәдени, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түріп, оларды шешу жолдарын қарастырды.
Сапарын Масаншы ауылдық округінің Күнбатыс-1 ауылынан бастаған аудан әкімі №11 С.Көбеев атындағы негізгі мектептің бөлімшесінде болып, мектепалды және бастауыш сыныптардың оқушылары үшін жасалған жағдаймен танысты. Мектеп директоры Раушан Тұрғынбаева мекеме жұмысын егжей-тегжейлі баяндап, ұстаздар үшін оқу процесіне қажетті барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Бегзат Сейсенқұлұлы №11 С.Көбеев атындағы негізгі мектеп оқушыларын Күнбатыс-2 ауылына жеткізу мүмкіндігін алға тартты. Ал, ауыл тұрғындары балалар ауыл мектебінің жергілікті бөлімшесінде оқи берсе деген тілектерін жеткізді. Аудан басшысы білім алу үшін барлық қажетті жағдай жасап, ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін айтып, жауапты мамандарға тапсырма берді.
Келесі кезекте аудан әкімі 2020 жылы бой көтерген 5 келушіге арналған медицина пунктіне барып, мекеме жұмысымен танысты. Үлгілі деп атауға лайық заманауи нысанның кабинеттері жылы, жарық және кең, мекеме қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.
Күнбатыс-2 ауылында аудан басшысы іргетасы 2021 жылы қаланған №11 С.Көбеев атындағы негізгі мектеп жұмысымен танысты. 150 орынға арналған мектеп қажетті оқу құралдарымен жабдықталып, заманауи талаптарға сай келеді. Мектеп директоры Раушан Тұрғынбаева аудан басшылығын білім беру мекемесінің жағдайын, болашаққа жоспарын баяндады. Мұнда білікті ұстаздар заманауи білім беру технологияларын іске асырып, оқушылардың терең, іргелі білім алуларына ықпал етуде.
Сондай-ақ, балалар тоғызқұмалақ, волейбол үйірмелеріне қатысып, халықтың қолөнерін игеріп, киізден бұйым жасап, квилинг, қамыр пластикасымен айналысады.
Аудан басшысының жұмыс сапары Масаншы ауылында жалғасын тауып, мұнда Бегзат Болатбеков №13 М.Дулатұлы атындағы орта мектепке барды. Айта кетсек, сапар барысында әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселесіне аса назар аударылды. Осы орайда, аталмыш мектептің температуралық режиміне көңілі толмаған аудан әкімі қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздығын атап өтті. Білім ошағының басшысы Қамбар Иманқұловтың айтуынша, мектеп қазандығында жөндеу жұмыстары жуырда ғана бітіп, жақын арада қазандық қатты отыннан газбен жылыту жүйесіне ауыстырылмақ.
Аудан басшысы жауапты мекемеге аталмыш мәселені тұрақты бақылауға алуды жүктеді. Сонымен бірге, Бегзат Болатбеков мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді игеруіне қызығушылық танытты. Аудандық білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбековтың айтуынша, №13 М.Дулатұлы атындағы орта мектеп қазақ тілді, ал бұл мектепте білім алатын оқушылардың басым бөлігі дүнген ұлтының өкілдері болып табылады.
Қалыптасқан білім беру жүйесінің арқасында балалардың толыққанды білім алуларына барлық жағдай жасалған. Cабақтар бекітілген бағдарламаларға сай өткізіліп, оқушылар ешбір қиындыққа тап болмайды.
Келесі кезекте аудан басшысы ауылдық ауруханаға барды. Емдеу мекемесінің жұмысымен Қордай аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Зәуреш Қадырбекова таныстырды. Ауруханада зертхана, УДЗ, стоматологиялық кабинет, 15 төсек орынға арналған күндізгі стационар бар.
Бас дәрігердің айтуынша, жақын арада аурухана газ жүйесіне қосылмақ. Сонымен бірге, сапар барысында Сортөбе ауылдық округінің аумағына жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарын қабылдау үшін 3 қабатты емхана құрылысы басталатыны туралы жаңалық айтылды. Қабылдауды сала мамандары жүргізеді, енді аудан орталығына баруға мәжбүр тұрғындар емханалық қызметтерді ауылдан шықпай-ақ алатын болады. Құрылысқа қаржы бөлініп қойған.
Содан кейін аудан басшысы мәдениет үйінде болып, қазандық жұмысын бақылап, мәдениет ошағының жұмысымен танысып, округ тұрғындарымен кездесті.
-Қазір біз ауданмен танысып, проблемалық мәселелерді анықтап, оларды талдап, елді мекендердің әлеуетін зерделеу үстіндеміз. Оған қоса, сіздермен бірігіп, біртіндеп мерзімі жеткен мәселелерді шешеміз деп ойлаймын, — деді Бегзат Сейсенқұлұлы.
Аудан басшысы ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылы іске асырылатын жобалармен бөлісті. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, халықты әлеуметтік қолдау шаралары бойынша мәлімет берген аудан басшысы «Асар» жобасы жалғасатынын жеткізді. Биыл 19 жоба іске қосылмақ, аталмыш жобалар аясында меценаттардың көмегімен мұқтаж адамдар үшін баспана салынады.
Кездесу барысында ақсақал Дыдыр Двумаров аудан басшысының назарын жер учаскелерінің тапшылығына аударды. Еңбек ардагері ауыл жолдары жөнделіп, асфальт төселгені үшін атқарушы билікке алғысын білдірді. Сонымен бірге, Дыдыр Харсанович балаларды отансүйгіштікке баулу мақсатында білім беру бөлімі мен жергілікті мектептердің басшылығына ардагерлермен байланысты нығайтуды ұсынды. «Бізге жаңа Қазақстанды құратын тәрбиелі және білімді балалар керек. Ал, ол үшін біздің ақсақалдардың көмегі қажет», — деді Дыдыр Двумаров. Ақсақалдың айтуынша, округте жастар ұйымы мен әйелдер кеңесі белсенді жұмыс жүргізуде. Айта кетерлігі, ауыл жастары жақында жауған қалың қардан кейін тұрғындардың ары-бері жүруін жеңілдету үшін ауылішілік жолдарға, жаяу жолдарға құм және тұз төсеген.
Сонымен қатар, округте гемодиализ кабинетін ашу, газдандыру, жайылым, байланыс мәселелері көтеріліп, коммуналдық қызметтердің жұмысына қатысты наразылық білдіргендер болды.
Негізінен әлеуметтік және тұрмыстық мәселелер көтерілген кездесуге аудан әкімдігінің бөлім, аудандық мекеме басшылары, құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты. Барлық қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатары назарға алынды. Мәселен, Күнбатыс ауылында байланыс жөнінде көтерілген сұраққа қазіргі таңда жұмыс жүргізіліп, антенна орнатылатыны туралы жауап берілді.
Сортөбе ауылдық округінде аудан басшысы №16 М.Лермонтов атындағы орта мектеп және қазандық жұмысымен танысты. Келесі кезекте аудан басшысы 75 адамға арналған полиция бөлімінің құрылысын бақылады. Мердігер «Сырым Блек» ЖШС жұмысты келісімге сай мерзімінде атқаруды көздеп отыр. Құрылыс нысанында аудан басшысы атқарылған жұмыстың сапасы мен мерзіміне аса назар аудару қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, Бегзат Сейсенқұлұлы округте «Достық үйі» бой көтеретінін жеткізіп, жергілікті тұрғындарға аталмыш нысан салынатын жерді анықтау бойынша шешім қабылдауды ұсынды.
Жұмыс сапары мәдениет үйінде тұрғындармен кездесуге ұласты. Округте тұрғын үй, газдандыру, жолдарды жөндеу, адамдар мен көліктердің кептелісі орын алатын «Сортөбе» шекаралық өткізу пункті мәселелері көтерілді.
Көтерілген сұрақтарды шешу тиісті қызметтер мен бөлімдерге жүктелді. Олардың шешілуін бақылауды аудан басшылығы өзіне алды.
Бегзат Болатбековтың айтуынша, халықпен ашық диалогтар проблемалық мәселелерді уақтылы шешуге әсерін тигізе

Leave A Reply

Your email address will not be published.