АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ АРНАЙЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

0

Жамбыл облысында Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында семинар өтті.
Аталған шараға Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, республиканың 5 өңірінен келген арнайы сала мамандары қатысты.
Семинар барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов сөз сөйледі. Министрлік өкілдері Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы бойынша негізгі мақсаттарға тоқталды.
Сондай-ақ, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеріп, тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталғанын жеткізді.
Жиын барысында «Ауыл – ел бесігі», «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобаларының өңірде іске асырылу барысы баяндалды.
Бұдан соң, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен ол Аса ауылындағы Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебіне барды. 1975 жылы бой көтерген нысан бастапқыда кинокөрсетілім орталығы болған, соңғы жылдары қараусыз қалып, 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасымен күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде өнер мектебі ретінде құрылып, 11 үйірме жұмыс істеуде. Оған 1462 оқушы қатысады.
Вице-министр орталық ұжымы мен талантты балаларға сәттілік тіледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.