ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

0

Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісі елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Айтулы күнге орай дүйсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, мереке иелеріне құрмет көрсетілді.

Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай әлеуметтік сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, азаматтарға қамқор бұл құрылымның қызметі қашанда маңызды екендігін жеткізді.  Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау бағытында қажырлы еңбек еткен сала ардагерлерін, жемісті жұмысымен көзге түсіп жүрген үздік қызметкерлерді марапаттады.

Атап айтатын болсақ, Әлеуметтік қорғалуға мұқтаж жандарға қамқорлық, қайырымдылық пен мейірімділік сыйлап, халық алдында аянбай қызмет атқарғаны үшін және «Әлеуметтік сала қызметкерлері күні»  кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Айгүл Заурбаева марапатталды. Сонымен қатар Қаламқас Исағұлова, Гүлжан Попытай,  Ақмарал Тоқтарова, Айнұр Абдугалиева,  Назгүл Сердалі, Құралай  Қабылбекова, Дария Желдібай,  Зухра Қулатаева,  Алтынай Каримова,  Бекзат Сеитова,  Ляззат Калыкова,  Мұратхан Баков,  Жазира Нусывакынова,  Нұрсултан Есенкулов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиын аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.