Кестеге сәйкес аудан әкімі Бегзат Болатбековтың ауылдық округтерге жұмыс сапары 20 қаңтарда Ауқатты және Қарасуда жалғасын тапты. Ат басын алдымен Ауқатты ауылдық округіне қарасты Қызылсай ауылына тіреген аудан басшысы округ әкімі Бірлік Манкеевпен бірге №10 О.Жандосов атындағы орта мектептің жұмысымен танысудан бастады. Мектеп ішін аралап көріп, ұстаздармен сұхбаттасқан аудан әкімі білім мекемесінің жылыту қазандығын да барып көрді. Ауыл тұрғындарының көп жылдық сұранысы биыл жүзеге асқалы отырғаны осы кезде белгілі болды. Ауылдық мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалатын болыпты. Бұл жағымды жаңалық қызылсайлықтардың көңілінен шығуы тиіс. Осыдан кейін Бегзат Сейсенқұлұлы Қызылсай ауылындағы медициналық пунктің жұмысымен танысты.
Биыл қатты отыннан газға ауыстырылатын медицинадық мекеменің жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі бірқатар ұсыныстары мен ескеретулерін де айтты. Ал, ауыл тұрғындары жаңа мәдениет үйі салынса деген тілектерін жеткізді. Бұл сұрақтар аудан әкімінің назарына алынды. Келесі кезекте округ орталығы — Ауқаттыға жол тартқан аудан басшысы құрылысы жүріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратын көріп, мердігерлермен сұхбаттасты. Биыл қолданысқа берілетін алып кешен құрылысының сапасына аса мән беру керектігін айтқан аудан әкімі келесі кезекте ауылдық мәдениет үйіне барып, жұмысымен танысып, қазандық жағдайын көріп, мамандармен сөйлесті. Содан кейін Ауқаттыдағы полиция бөлімшесінің және дәрігерлік амбулаторияның жұмысын көрді. Осыдан соң округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудан басшысына ауыл азаматтары атынан түскен сұрақтар аз болмады. Барлығы негізінен әлеуметтік мәселелер турасында болды деуге негіз бар. Мәселен, шаруалар суармалы су жайын айтып, сол бойынша көмек көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерін беру туралы да сұрақтар көтеріліп, аудан әкімі барлығына нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелерді заң аясында қарастыратынын айтты. Жиын барысында Қызылсай ауылының ақсақалы Рахымбай Молдашев аудан әкімінің жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді. Осыдан кейін Бәйтерек ауылына барған Бегзат Болатбеков №45 Ж.Молдағалиев атындағы негізгі мектептің жұмысымен танысты.
Осы күні түс ауа аудан әкімі Бегзат Болатбековтың жұмыс сапары Қарасу ауылдық округінде жалғасын тапты. Алдымен ауылдық клуб жұмысымен танысып, содан кейін №8 Өтеген атындағы негізгі мектепке барды. Қыс қаһарына мініп тұрған шақта температуралық режимді сақтау жөнінде бірқатар ескертулер де айтылды. Келесі кезекте Қарасу ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан ауылдық мәдениет үйіне барып мамандармен, мердігерлермен сұхбаттасты. Сонымен қатар құрылысы аяқталмаған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.
Аудан әкімі барлық құрылыс нысандарында мердігерлер мен мамандарға, ең бастысы, сапа мен мерзімге мән беріп, тұрғындарға қолайлы етіп жасауға күш салу қажеттігін баса айтты.
Осыдан соң №7 А.Пушкин атындағы орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесті. Қарасу ауылының халқы аудан басшысына көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Сондай-ақ, жағымды жаңалықтарға да қанық болды. Солардың ішінде биыл ауылда көптен күткен жаңа мектеп құрылысы басталмақ, сондай-ақ, Еспе көшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Ал, Өтеген ауылының тұрғындары жаңа мектеп мен спорт кешені салынса, аурухана бой көтерсе деген тілектерн жеткізді. Бегзат Болатбеков тұрғындар көтерген өзге де әр сұрақты назарға алып, кейбірі бойынша мамандарға нақты тапсырмалар берді.
ӘР СҰРАҚ АУДАН ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНДА
Prev Post
Next Post