ӘСКЕРДЕ ӨТКЕН БІР КҮНІМ

0

Жастар мен жасөспірімдердің әскери өмірге қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді. Осы орайда, қазан айының 11 күні Қордай ауданы Гвардейск кентінде орналасқан 40-шы «Отар» әскери базасының аумағында аудандық «Айбын» әскери-патриоттық экскурсиясы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты — жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру болып табылады. Әскери-патриоттық экскурсияға аудандық орта кәсіптік білім беру орындарының жастары қатысып, әскерге шақыртылған жас сарбаздың бір күндік өмірінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Іс-шара қатысушылары жас сарбаздың жатын орны, дене шынықтыру жаттығуларының нормалары, қару-жарақты пайдаланумен танысып, әрбір әскери техникаларды пайдалануға мүмкіндік алды. Аталмыш іс-шара қатысушылары Отанның қауіпсіздігі мен қорғанысына үлес қосуға және өз елінің мақтанышы, қорғаушылары болуға шабыттанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.