Әскери қызмет қауіпсіздігі – басым бағыттың бірі

0

Гвардейск гарнизонында қару-жарақ пен әскери техниканы пайдаланудың жазғы режиміне ауыстыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау сабақтары өтті

Іс-шараға әскери бөлімдердің барлық жеке құрамы қатысты. Сабақ барысында әскери қызметшілер жауынгерлік машиналар паркінде жұмыс істеу кезіндегі нұсқаулықтармен және қауіпсіздік шараларымен таныстырылды.
— Біз әскери техникамен жұмыс істеу кезінде әскери қызметшілердің қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Техника мен қару-жараққа қызмет көрсету бойынша жұмыстар барысында жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптарына жауап беретін қажетті жағдайлар жасалатын болады, әскери қызметшілерді барлық қажетті материалдық жағдайлармен қамтамасыз етеді, — деді әскери база бастығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Есет Төлеуішов.
Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдаланудың жазғы кезеңіне ауыстыру бойынша орындалған жұмыстардың сапасын, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуін арнайы комиссия тексеретінін атап өту қажет.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.