Әскери антқа адал бол!

0

Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде «Әскери антқа адал бол!» тақырыбында өтіп жатқан онкүндік аясында іс-шаралар өтті.
Онкүндік барысында жеке құраммен жарғылық емес қарым-қатынас пен билікті асыра пайдаланудың алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Оның ішінде, жеке қарым-қатынастың мәселесі, әскери қызметшілер арасындағы жанжалды шешу, әскери ұжымды басқару психологиясы. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік тақырыптары бойынша сабақтар жүргізілді. Сондай-ақ, барлық санаттағы жеке құраммен тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, сұхбаттар мен сұрақ-жауап алынды.
Сонымен қатар, Әскери полиция бөлімінің өкілдері құқық-бұзушылықтың алдын алу бойынша әскери бөлімдердің жеке құрамымен сабақтар өткізді.
Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы. Сондықтан әрбір әскери қызметші жарғыдан тыс теріс қылықтар жасамай өз анттарына адал болуы тиіс. Онкүндік аясында бірнеше іс-шаралар атқарылды. Тәртіпті нығайту бойынша жүргізілген тәрбие жұмыстары оң нәтиже көрсететініне сенім артамын, — деді гвардиялық артиллерия бригадасының аға офицері гвардия капитаны Берік Темешов.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.