ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЕЗДЕСУ

0

Қордай ауданының «Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарына қатысушы-ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері М.Мақатаев атындағы негізгі мектепте оқушылармен кездесу ұйымдастырды.

 

Әскери-патриоттық бағыттағы бұл шара ел жастарына Отан алдындағы жауапкершілік пен патриотизм сезімін арттыру мақсатында өтті.

Кездесу барысында ардагерлер оқушыларға жауынгерлік жолдары, әскери қызметтің ерекшеліктері мен қиындықтары туралы сыр шертті. Олар бейбітшілік пен тұрақтылықтың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ, патриотизмнің тек сөзбен емес, нақты істермен көрінетінін түсіндірді.

Іс-шарада оқушылар ардагерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ерлікке толы оқиғаларды тыңдады. Сонымен қатар, әскери қызметке қатысты практикалық кеңестер беріліп, әскери өмірдің маңызы баяндалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.