«ӘУЛИЕАТА ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ

0

Бағдарлама шарттары:

Қарыздың ең жоғары сомасы 15 млн.теңгеге дейін

Пайыздық мөлшерлеме — 5%

Бастапқы жарна — 5%

Несие беру уақыты – 19 жылға дейін

Сатып алынатын тұрғын үй — Жамбыл облысында бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген тұрғын үй және соғылып жатқан үйде «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар болған жағдайда үлестік қатысу

— көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесі;

— көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;

— жер учаскесі бар пәтер.

Сатып алынатын тұрғын үйдің құны – қарыздың ең жоғары сомасынан және Бағдарламаға қатысушының меншікті қаражатынан тұратын сатып алынатын тұрғын үйдің құны. сатып алынатын тұрғын үйдің құны қарыздың ең жоғары сомасынан асып кеткен жағдайда, Бағдарламаға қатысушы сатып алынатын тұрғын үйдің құнын толық төлеу үшін ағымдағы шотқа өз қаражатынан айырма енгізуге міндеттенеді.

Бағдарламаға келесі қызмет салаларында жұмыс істейтіндер қатысады (техникалық, әкімшілік персоналды және мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда):

1)Денсаулық сақтау саласы

2) Білім беру саласы

3) Мәдениет саласы

4) Спорт саласы

5) Дін саласы

6) Журналистика саласы

Бағдарлама қатысушысына қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы тиіс;

Жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан, бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кездегі Бағдарлама қатысушысының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс. Бағдарламаның негізгі қатысушысы ретінде Бағдарлама бойынша үй алуға ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана рұқсат беріледі;

Бағдарлама қатысушысында таңдаған сала бойынша соңғы жұмыс орнындағы лауазымда 6 айдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;

Қатысушыда Бағдарламаға өтініш берген сәтте «Отбасы Банк» АҚ-да жинақ шоты және шотында ең жоғарғы қарыздың (15 млн. теңгенің) кемінде 5% мөлшерде жинақ ақшасы болуы тиіс;

 

Бағдарламаға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы

Бағдарламаға қатысушының жеке куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;

Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (неке қию немесе некені бұзу немесе жұбайының қайтыс болуы туралы құжаттар);

Балаларының туу (қайтыс болу) туралы куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;

Бағдарламаға қатысушының Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (Бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнге дейін кемінде күнтізбелік 1 күн бұрын берілген болса жарамды);

Бағдарлама қатысушысы жұбайының (болған жағдайда) Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (Бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнге дейін кемінде күнтізбелік 1 күн бұрын берілген болса жарамды);

Берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы, мекеме атауы және 6 айлық зейнетақы аударымдары көрсетілген ұйымның / мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтама (ресми бланкі болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс);

Бағдарламаға қатысушының «Отбасы банк» мобильдік қосымшасы ұсынатын QR коды бар жинақ шоты анықтамасының электрондық көшірмесі.

Толығырақ www.e-jambyl.kz

сайтынан оқи аласыз

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.