«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» акциясы аясында

0

30 сәуір күні Бетқайнар ауылдық округіне қарасты Соғанды ауылында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты 5 апталық республикалық  экологиялық акциясы аясындағы «Өнегелі ұрпақ» тақырыбында аудан жастары Мамбеталиевтер отбасылық бақшасына жеміс ағаштарын отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Акцияға бақшаның иесі, аудандық мәслихат депутаты Гаухарбек Мамбеталиев қатысты. 

Жастардың мақсаты – Президенттің бастамасына қолдау көрсете отырып, өзге де тұрғындарды тазалық акциясына атсалысуға шақыру, сонымен қатар колледж студенттеріне бағбандық істі үйретіп, еңбекке баулу болды. Осы ретте жастар қолдарына күректерін ұстап, жеміс ағаштарын қалай егу керек, оны күтіп ұстау бойынша Гаухарбек Мамбеталиевтың ақыл-кеңестерін тыңдады.

— Мен осындай мейірімді жастардың барына қуанамын. Бүгін көктемнің шуақты күнінде үйге келіп жылы сөздерін айтып, үй шаруасына көмектесіп, бақшамды тазалап берді. Жастармен бірге шай ішіп, көңілім көтеріліп қалды. Осындай акциялар жиі ұйымдас-тырылып тұрса екен деймін. Жастарға біраз затты үйреттім. Олардың құлшынысы да жаман емес, — дейді бақ иесі.

Өз кезегінде белсенді жастар Президенттің акциясына атсалысу үлкен мәртебе екенін атап өтіп, осындай ізгілікті істер өзге де елді мекендерде ұйымдастырылса деген тілегін де жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.