Өтеген ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасының жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.

0

Жиын барысында құжатта қамтылған негізгі бағыттар, қоғам үшін маңызы бар өзгерістер мен ұсыныстар жан-жақты түсіндірілді. Тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, ел болашағына қатысты бастамаларға бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.

Кездесуге Қарасу ауылдық округінің әкімі Ж. Әлхан қатысып, жобаның мәні мен маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ауылдық округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы С. Қиялов сөз сөйлеп, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы мұндай ашық талқылаулардың маңызы зор екенін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.