ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

0

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың төрағалығымен Қордай ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынның мақсаты – ауданның әлеуметтік және мәдени дамуына арналған стратегиялық жоспарларды талқылау.

Жиынға, кеңес мүшелерімен қатар БАҚ өкілдері де қатысты. Кеңестің күн тәртібінде 2026 жылға дейін атқарылатын жұмыстардың жоспарын бекіту, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығы, және «ҚР-ның Конституциялық реформасы – ел дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізу сынды мәселелер қаралды.

Дамира Маратқызы кеңесте сөз алып, 2026 жылға арналған жоспар жобасының маңыздылығын атап өтті. Ол, халқымыздың әл-ауқатын арттыру және жастарымыздың белсенділігін көтеру мақсатында атқарылатын іс-шараларды жүйелеп, халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін мемлекеттік бағдарламаларға баса назар аударудың қажеттілігін айтты.

Сондай-ақ, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы талқыланды. Бұл бағытта отаншылдық тәрбие берудің, ұлттық сана мен рухты көтерудің, жастардың елге деген жауапкершілігін арттырудың маңыздылығы жайында да сөз қозғалды.

Кеңес мүшелері жастардың патриоттық сезімдерін дамыту туралы ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Отырыс соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар елді дамытудың жаңа кезеңінің бастауы екендігі түсіндіріліп, талқыланды. Кеңесте әрбір негізгі мәселе бойынша пікірталастар жүргізіліп, ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында, қатысушылар Қордай ауданындағы әлеуметтік саяси бағдарламалардың іске асырылуына ықпал ететін жаңа бастамаларды талқылап, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу туралы шешім қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.