ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

0

26 ақпанда Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен  аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оған депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы, ардагерлер кеңесінің  төрағасы және БАҚ өкілдері қатысты.

Депутаттар «Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу» және «Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы13 қаңтардағы «Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.