ӨЗІҢДІ ЭХИНОКОККОЗДАН ҚОРҒА!

0

Адамдарға гельминтоз ауруының әр түрі кездеседі. Солардың ішінде адам өміріне ең қауыптісі эхинококкоз болып саналады. Бұл індет негізінен адамдарға иттерден жұғады. Ал иттер эхинококкозбен індеттенген ауылшаруашылық малдарының шикі ішкі ағзаларын жегенде жұқтырады. Эхинококк жұмыртқалары жұқтырған иттің үстінде, құйрығында, аяқтарында кездеседі. Егер адам эхинококк жұқтырған итті сипалап, сосын қолын сабындап жұмай тамақ жесе,
эхинококкозбен ауруы мүмкін.
Эхинококк жұмыртқаларымен ластанған жеміс – жидектерді жұмай жесе, ашық су айдындарының суын қайнатпай ішсе адамдар эхинококкозбен ауырады. Эхинококк жұмыртқалары шөп, пішен және су арқылы ауылшаруашылық малдарының ағзаларына өтеді.
Адам эхинококкозбен індеттенгенде оның бауыры, өкпесі және басқа да ағзалары ауырады.Адам өмірін эхинококкоздан қорғауға тек қана хирургиялық әдіс қолданылатындықтан, бұл қауіпті індет болып саналады.
Адамдарда эхинококкозды болдырмау үшін не істеу керек;
Ең алдымен итті мал дәрігеріне көрсетіп, дұрыс күтімде ұстау керек, әр тоқсан сайын эхинококкозға қарсы дәрі – дәрмек беру қажет.
Итке ауылшаруашылық малдарының шикі ағзаларын бермеген жөн, өйткені оларда эхинококкоз індетінің қоздырғышы кездесуі мүмкін.
Итті байлап ұстау қажет. Иттің асханаға кіруіне, төсекке жатуына, бетті жалауына жол бермеу керек. Жеке бастың гигиена ережелерін сақтауды ұмытпаңыз – итті әр ұстағаннан кейін қолды сабындап жуып, жеміс – жидектерді мұқият жуып жеп, ашық су көздерінің суын қайнатпай ішпеңіз.
Осы аталған ережелерді орындау, Сізді және Сіздің жақындарыңызды қауіпті індеттен қорғайды!

Г.БЕДЕЕВА,
Қордай аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау басқармасының
бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.