♻️ «Жасыл даму» АҚ-мен серіктестік аясында Sparklo фандоматтары арқылы 5 миллионнан астам бөтелке мен банка жиналды

0

«Жасыл даму» АҚ және Sparklo Қазақстанда пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған фандоматтар желісін бірлесіп дамытуда. Бүгінде тұрғындар осы фандоматтар арқылы қайта өңдеуге 5 миллионнан астам бөтелке мен банка тапсырды. Бағдарламаға 100 мыңнан астам адам қатысты.

✅ Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе және еліміздің басқа да қалаларында 46 фандомат орнатылған. Олар сауда орталықтарында, кеңселерде, мектептерде және қоғамдық орындарда, соның ішінде Астананың Орталық саябағында орналасқан. Фандоматтардың осылай орналасуы тұрғындарға бөтелке мен банкаларды жұмысқа бара жатқанда, сауда жасау немесе серуендеу кезінде ыңғайлы тапсыруға мүмкіндік береді.

♻️ Жоба қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамытуға бағытталған және Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының мақсаттарына сай келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.