Бүгін, 23 тамызда, ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні жалпыұлттық онлайн-марафон өз жұмысын бастады. Ауқымды медиажоба сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат беруге, сондай-ақ қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.
Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағат бойы көрермендерге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірлері, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады.
📌Марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың мамандары мен сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шығармашылық және креативті индустрия өкілдері қатысуда.
Онлайн-марафонның мазмұны бірнеше арнайы алаңда ұсынылады. Негізгі сахнада қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланып, спикерлер өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіреді. Touch Screen интерактивті жүйесі арқылы көрермендерге Қазақстанның түрлі бағыттар бойынша халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері, сондай-ақ елдің негізгі статистикалық деректері таныстырылады.