Ұлттық жоба аясында 20 өңірдегі 451 табиғи монополия субъектісінің жағдайы талданды. Қазақстандық тұрғын үй компаниясының желісі бойынша шамамен 145 млрд теңгеге 103 жоба қаржыландырылды. Қаражат жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, су тазарту кешендерін реконструкциялауға және өндірістік процестерді автоматтандыруға бағытталады.
💧 Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы төмендеуде
Сумен жабдықтау бойынша көрсеткіш 2023 жылғы 40%-дан 2025 жылы 38%-ға дейін, су бұру бойынша 56%-дан 54%-ға дейін төмендеді. 2029 жылға қарай тозуды тиісінше 33%-ға және 41%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
⠀
📲 Smart Turmys коммуналдық саланың деректерін біріктіреді
⠀
Ұлттық платформа жылжымайтын мүлік нысандары, абоненттер, есептеулер, төлемдер және ресурстарды тұтыну туралы деректерді біріктіреді. 2026-2027 жылдары шамамен 4,76 млн интеллектілі есептеу аспаптарын орнату жоспарлануда. Автоматтандыру есептеулердің дәлдігін арттыруы, техникалық және коммерциялық шығындарды шектеуі және бүгінгі күні қолмен жасалатын 9,3 миллион есепке алу нүктелеріне техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуы тиіс.
⠀
🔥 2035 жылға қарай газбен қамту деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда
⠀
2026 жылдың басындағы ақпарат бойынша табиғи газбен 13,1 млн адам немесе халықтың 64,2%-ы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін қоса алғанда, газ тасымалдау және газ өңдеу инфрақұрылымы кеңеюде.
⠀
🟦Энергетика мен ТКШ жаңғырту жұмыс істеп тұрған нысандардың сенімділігін арттыруды, жаңа генерацияны енгізуді, коммуналдық желілерді жаңартуды, газбен жабдықтауды дамытуды және есепке алуды цифрландыруды қамтиды. Бұл шаралар инфрақұрылымның тозуын азайтуға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
⠀
🔎Президенттің энергетика және ТКШ саласындағы тапсырмаларын жүзеге асырудың негізгі нәтижелері туралы PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар.