📌 Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 4 есеге қысқарды

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастыруда. Жұмыс тозуды азайтуға, нысандардың сенімділігін арттыруға, жаңа қуаттарды енгізуге және ТКШ-ні басқаруды цифрландыруға бағытталған.

⚡️ «Қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 19-дан 5-ке дейін қысқарды

2024-2025 жылдары электр стансаларында 20 энергоблок, 118 қазандық және 84 турбина жөнделді. Электр стансаларының орташа тозуы 56%-дан 53%-ға дейін, ал жылу беру кезеңіндегі технологиялық ақаулар саны 32%-ға төмендеді.

🔋 2026 жылы 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын қуат көздерін енгізу жоспарлануда

Бүгінде Қызылордада қуаты 240 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) іске қосылды, Текелі энергокешенін жаңғырту аяқталды. Ірі жобалардың қатарында – қуаты 1 ГВт болатын «Түркістан» БГҚ бар. 2027 жылы жаңа қуаттарды іске қосу электр энергиясына ішкі сұранысты жабуға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.