📌 Түсіндіру жұмыстары жүргізілді Ағымды жылдың 18 қараша күні Қарасу ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында мобильдік топ мүшелері Қарасу ауылының “Келешек” атындағы №53 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

0

Кездесу барысында оқушыларға:
* қоғамдық ортадағы тәрбие мен жауапкершілік,

* зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу,

* кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы,

* интернет-алаяқтықтан сақтану,

* лудомания, буллинг және нашақорлықтың зияны тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және қоғамдық қауіптердің алдын алу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.