🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық ортада жасанды қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың заманауи тетіктеріне зерттеу жүргізді.

0

🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық ортада жасанды қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың заманауи тетіктеріне зерттеу жүргізді.

Threads әлеуметтік желісі пайдаланушыларының белсенділігін талдау нәтижесі көрсеткендей, дәстүрлі бот-желілермен қатар, аккаунттардың үйлестірілген желілері де белсенділік танытуда. Олар «сворминг» (swarming) деп аталатын тактиканы қолданады. Бұл — қатысушылардың шағын тобының келісілген әрекеттері арқылы аудиторияда жаппай қоғамдық қолдау немесе, керісінше, кең ауқымды наразылық туралы жалған әсер қалыптастыру әдісі.

Алдын ала белгіленген үлгі бойынша бірсарынды хабарламалар тарататын классикалық бот фермаларына қарағанда, мұндай желілер әлдеқайда икемді әрекет етеді. Олар талқылаудың барысына жедел әрекет етіп, жекелеген тезистерді күшейтеді, сондай-ақ пікірталасқа шынайы пайдаланушыларды тартады. Осылайша, белгілі бір көзқарас көпшіліктің пікірі іспетті деген түсінікті біртіндеп қалыптастырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.