Масанчи ауылдық округінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар мен балаларға арналған ақпараттық-ескерту парақшалары тұрғын үйлер мен қоғамдық орындарға жапсырылды.

0

Ақпараттық материалдарда:
кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруіне қатысты заң талаптары;
ата-аналардың жауапкершілігі;
жазғы демалыс кезінде балалар еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу;
балалардың еңбек құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау жөніндегі түсіндірме ақпарат қамтылған.
Масанчи ауылдық округінің тұрғындарын балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.