1-ШІ ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ

0

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 5 жоспардан тыс аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: Комитеттің тапсырмасы бойынша – 4, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 1.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 5 жағдайда жалпы сомасы 1 083,7 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны — 26,3 млн.теңгесі (толық бюджетке өтелді, бұл 100,0%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 1 057,4 млн.теңгесі (орындалған жұмыстарымен қалпына келтірілгені – 928,2 млн.теңге, бұл 87,8%-ды құрайды).

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 5 жағдайда жалпы сомасы 1 083,7 млн теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататын – 26,3 млн теңге (бюджетке толық көлемде өтелді, бұл 100,0%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататын – 1 057,4 млн теңге (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер арқылы 928,2 млн теңге қалпына келтірілді, бұл 87,8%-ды құрайды).

Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

— орындалмаған жұмыстар және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 980,7 млн.теңгеге;

— мемлекеттік активтерді пайдаланудағы бұзушылықтар – 103,0 млн.теңгеге анықталды.

Департаментпен камеральдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 11 439 рәсімінің 11 434-і қамтылды, бұл 100%-ды құрайды, оның аясында ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге 1 103 хабарлама жолданды, оның ішінде 1 057 хабарлама орындалды, яғни 95,8%-ды құрайды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

М.ЕГЕМБЕРДИЕВ, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.