111 байланыс орталығына 552 мыңнан астам адам жүгінген

0
Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған цифрлық құралдарды қолдану бойынша қазақстандық тәжірибе шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының 111 байланыс орталығына Финляндия, Жапония, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен ЮНИСЕФ өкілдерінен құралған халықаралық делегация келді. Іс-шара ҚР Құрылтайының вице-спикері Динара Закиеваның шақыруымен «Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта» атты ІІ Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Іс-шара барысында делегация мүшелері байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру, келіп түскен өтініштерді жедел өңдеу және балаларға көмек көрсету тетіктерімен танысты. Әсіресе, балаларға буллинг, зорлық-зомбылық фактілері және өзге де мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін QR-арнаға ерекше назар аударылды. Аталған цифрлық шешім Қазақстанда 2024 жылдың соңында іске қосылып, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.